Наурыз мерекесі қарсаңында 5 бағыт бойынша қосымша пойыздар қатынайды

Наурыз мерекесі қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша біржолғы пойыздарды іске қосады. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

Қосымша пойыздар бес бағыт бойынша қатынайды:

— №202/201 Астана-1 — Павлодар, Астана-1 ден 20, 24 наурыз күндері жөнелтіледі, ал Павлодардан 21, 25 наурыз күндері кері шығады;
— №204/203 Астана-1 — Алматы-1, Астана-1-ден 20, 24 наурыз күндері, ал Алматы-1-ден 21, 25 наурыз күндері;
— №205/206 Алматы-2 — Арыс-1, Алматы-2-ден 7, 21 наурыз күндері, ал Арыс-1-ден 9, 23 наурыз күндері;
— №241/242 Қызылорда — Атырау, Қызылордадан 20, 22, 24 наурыз күндері, ал Атыраудан 21, 23, 25 күндері кері бағытта жүреді.
— №49/50 Алматы-2 — Орал бағытындағы пойыздың қосымша құрамы Алматы-2-ден 13 наурыз күні шықса, Оралдан 16 наурыз күні кері шығады.

Компания әр уақытта пойыздардың жолаушылармен толуын қадағалап, арнайы сараптама жүрігізіп отырады. Осы сараптаманың негізінде жолаушылар тарапынан сұранысты қанағаттандыру үшін қосымша вагондар мен пойыздар іске қосылады. Осыған орай алдағы мерекелер қарсаңында ұлттық тасымалдаушы вагон паркін 100% пайдалануды көздеп отыр, — деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.