Президент көпбалалы отбасының әр баласына 21 мың теңге төлеуді тапсырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы отбасылардың жәрдемақысын арттыруды тапсырды.

Президенттің айтуынша, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға қолдау шараларын күшейту керек. Әсіресе, көпбалалы отбасыларға деген көмек барынша сезілуі шарт.

Бүгінде елімізде шамамен 340 мың отбасыда төрт бала бар. Қазірдің өзінде жыл сайын көпбалалы отбасыларға 500 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп тұрады. Бірақ аталған санаттағы отбасылардың табысы әртүрлі. Біреуі табысты көп табады, енді біреуі аз табады. Сондықтан қолдау шараларын жасағанда осыны ескеру керек. Жақсы табысы барларға қолдау жасаудың қажеті қанша. Сол себепті ең алдымен табысы төмен көпбалалы отбасыларға көмек берген жөн, — деді Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде.

Президенттің айтуынша, қазіргі кезде атаулы көмекті 111 мың көпбалалы отбасы алады.

Үкіметке әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарды, әсіресе, көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын кеңейтуді тапсырамын. Аталған көрсеткішті күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін жеткізуіміз керек. Ал атаулы көмек алып отырған көпбалалы отбасылардың әрбір баласына берілетін жәрдемақыны 21 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. Аталған көмекті барынша жеңілдету керек. Халық ары-бері шапқылап жүрмесін. Сонымен бірге ондай отбасылардың табысын есептегенде басқа әлеуметтік жәрдемақыларды санауды алып тастау қажет. Әйтпесе, соның бәрін санағанда көпбалалы отбасылар бай азаматтар болып шыға келеді, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ДереккөзInform.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Алматы жылу желілерінің жаңа басшысы тағайындалды

Алтай Рахымбетов «Алматы жылу желілері» ЖШС бас директоры болып тағайындалды. 

Доллар 443-448 теңгеден сатылып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 443-448 теңгеден саудаланып жатыр.

Efes Art Space алаңында инклюзив театрдың «Машаның хаттары» көрмесі ашылды

Efes Art Space Алматы тұрғындары мен қонақтарын актриса Мария Дубоделованың өмірлік тәжірибесі негізіндегі «Действие буквально» театр зертханасының әлемімен танысуға шақырады.

Қазақстандық фотографтар HUAWEI P60 смартфоны сериясына Алматы көрінісін түсірді

Huawei компаниясы танымал қазақстандық фотографтардың Алматы бейнеленген мобайл суреттер көрмесін таныстырды. Авторлар барлық фотоны P сериясының флагмандары - HUAWEI P60 және HUAWEI P60 Pro смартфондарына түсірген.

Мемлекет басшысы Алматыда мектеп оқушыларымен кездесті

Президент Алматының Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығына барды.

Алматыдан 443 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС-нің сейсмикалық стансалары Астана уақытымен 09:21-де жер сілкінісін тіркеді.