Трихология – шаш пен бас терісін зерттейтін ғылым.
Қанша күтім жасағанымызбен шаш жиі түседі. Адамның басынан күніне 50-100 тал шаштың түсуі қалыпты жағдай саналады, бірақ одан да көп түсетін кездер болады. Әсіресе, босанғаннан кейін әйел адамдардың шашы жиі түсе бастайды. Маманның айтуынша, шаштың түсуі сыртқы факторлардан және адамның ішкі органдары жұмысының әлсіздігінен де болуы мүмкін.
Ғылымда шаштың түсуін алопеция деп атайды. Дұрыс әрі уақытылы тамақтанбау, шаш күтіміне мән бермеу, жиі күйзелу шаштың түсуіне әсер етеді. Сонымен бірге өт жолдары мен асқазан жұмысының бұзылуы, эндокрин аурулары мен қандағы темір деңгейінің жеткіліксіздігі, гормон ауытқушылығы салдарынан да шаш түседі. Сонымен қатар шаштың түсуі тұқым қуалайды, — дейді Айгүл Қожаева.
Жиі түсетін шашты емдемес бұрын алдымен түбін қатайтатын шаралар жүргізу керек. Маманның пікіріне сүйенсек, шашы тым сиреп кеткен адамдар өздігінен ем қабылдамағаны дұрыс.
Шашы көп түсіп, сиреп кеткен адамдар әуелі маман кеңесіне жүгініп, олар ұсынған арнайы сусабындарды пайдаланғаны абзал. Ол сусабындардың құрамында шаштың қатаюына әсер ететін дәрумендер болады. Ал үй жағдайында түймедақ, алоэ, қалақай, жалбыз шөптерін қайнатып, суын тұндырып, шашты сонымен жуу керек. Ол шаштың түсуін тежейді. Сонымен қатар 1-2 ай бойы аптасына бір рет шаш түбін спиртпен немесе майсана майымен (касторовое масло) сүртсе, 1-2 ай өткен соң шаш түбі қатая бастайды, — дейді маман.
Шаштың түсіп, сиреуі көбіне шашты дұрыс күте білмеуден және күнделікті ішіп-жейтін тағамдарға мән бермеуден болады. Мысалы, С дәруменін көп тұтынғаннан да шаш жиі түседі.
Шашқа кем дегенде аптасына бір рет күтім жасап отыру қажет. Шаш кептіруге, бұйралау мен тіктеуге арналған құралдарды қолдануды азайту керек. Бұған қоса, шашты күнде жумаған дұрыс. Ол шаштың әлсіреуі мен тез майлануына себеп болады. Ағзаға темір жетіспеушілігінен шаш жиі түсетінін ескерсек, шай, кофе, газдалған сусындарды ішуді де тыйған дұрыс. Өйткені мұндай сусындар темірдің ағзаға сіңуіне кедергі келтіреді. Егер шаш маңдайдан бастап түсетін болса, тәттіні, шырындарды, сүтті, спиртті ішімдіктерді ішуді азайту қажет, — дейді трихолог.
Қандай жағдай болмасын шаштың түсуімен күресу барысында косметикалық рәсімдерді тек арнайы медициналық дәрі-дәрмекпен және мамандардың бақылауымен жасау керек.
Шашым тусип пизлец болып жатыр