Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарының дизайнында қолданылатын мәтін тек қазақ тілінде болады. Бұл туралы Президенттің «Ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы» жарлығында айтылады.
Мемлекет басшысының жарлығымен тиісті өзгеріс 2018 жылдың 12 желтоқсанында енгізілген.
Жарлық талабы бойынша бұдан былай ұлттық валюта — теңгенің банкноттары мен монеталарының дизайнында қолданылатын мәтін тек мемлекеттік тілде жазылып, рәсімделеді. Инвестициялық және коллекциялық монеталарда ғана шетел тіліндегі жазулар қолданылуы мүмкін.
Ұлттық валюта дизайнына қатысты бұған дейінгі құжатта банкноттар мен монеталарға мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтін қолданылатыны жазылған еді.