«Яндекс» Қазақстанда биыл «Оскар» сыйлығына ұсынылған фильмдердің қаншалықты танымал екенін анықтады. Компания үміткерлерді қазақстандықтардың интернеттен көп іздеген картиналары мен актерлары негізінде өзінше «марапаттады».

Біз «Оскар» қазақстандықтар көп іздеген фильмдерге берілсе, үміткерлердің қайсы жеңімпаз атанатынын анықтадық. Төрт санатты таңдадық: «Үздік фильм», «Үздік ер адам ролі», «Үздік әйел адам ролі» және «Шетел тіліндегі үздік фильм», — деп хабарлады «Яндекстің» PR-мамандары.

Зерттеуге қазақстандықтардың 2018-2019 жылдары интернеттен іздеген сөздері негізге алынған.

«Яндекстің» мәліметінше, «Қара пантера» фильмін қазақстандықтар «Богема рапсодиясынан» 9 есе көп іздеген, ал актерлардан «Жұлдыз туды» фильмінде басты рольдерде ойнаған Брэдли Купер мен Леди Гага көп ізделіпті.

«Яндекс» «Оскар» сыйлығын былай бермекші:

Үздік фильм

  1. «Қара пантера»
  2. «Богема рапсодиясы»
  3. «Жұлдыз туды»
  4. «Жасыл кітап»
  5. «Қара клан өкілі»
  6. «Фаворит қыз»
  7. «Билік»
  8. «Рома»

Үздік ерлер ролі

  1. Брэдли Купер
  2. Кристиан Бейл
  3. Рами Малек
  4. Уиллем Дефо
  5. Вигго Мортенсен

Үздік әйел ролі

  1. Леди Гага
  2. Мелисса Маккарти
  3. Гленн Клоуз
  4. Оливия Колман
  5. Ялица Апарисо

Шетел тіліндегі үздік фильм

  1. «Айка» (Қазақстан)
  2. «Қырғиқабақ соғыс» (Польша)
  3. «Дүкен ұрылары» (Жапония)
  4. «Рома» (Мексика)
  5. «Капернаум» (Ливан)
  6. «Авторы жоқ жұмыс» (Германия)