Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесі туралы екі жаңа заңға қол қойды

Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесін жаңғыртуға қатысты екі заңға қол қойды. Тиісті нормативтік-құқықтық акті Ақорданың сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысы сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Сонымен бірге Қазақстан Президенті сот жүйесін, оның ішінде Қазақстан Республикасының Жоғары сот Кеңесінің қызметін жаңғыртуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға да қол қойды.

2018 жылдың қараша айында Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесі туралы заңға түзетулер енгізуді Парламент Мәжілісінің қарауына жіберген еді. Заң жобалары Қазақстан Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арналған Жолдауын іске асыруға, сот жүйесін жаңғыртуға, сот кадрларын жаңартуға және Жоғары сот кеңесін институционал тұрғыдан нығайтуға бағытталған түзетулерді қамтиды.