Алматыда энергия үнемдейтін жарығы бар көшелер тағы 120-ға көбейді

Алматыда тағы 120 көшеге энергия үнемдейтін жарықдиодты жарықтандыру орнатылады. Бұл туралы оңтүстік астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, ыңғайлы әрі қауіпсіз қала ортасын құру мақсатында көшелерді жарықтандыру жүйесі тағы да жаңартылып, ерекше жарықшамдар түн мезгілінде көрнекті сәулет нысандарының қаспетіне сән бере бастады. Биыл қаланың тағы 120 көшесінде жаңа LED-шамдар пайда болады.

Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметінше, соңғы бірнеше айда Алматыда көшедегі жарықтандыру жүйесінің 30%-ы бұрынғы газ шығаратын шамдардан жарықдиодты және энергия үнемдейтін шамдарға ауыстырылды. Жалпы алғанда, қалада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жақын арада 1400 шақырым болатын сыртқы жарықтандыру желілерін жаңғырту жоспарланып отыр, 42 мыңнан астам цилиндрлік және 46 мыңға жуық LED-шам орнатылады.

Жарықшам
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кету керек, қазір жұмыс істеп тұрған шамдардан айырмашылығы жарықдиодтар бірден қыздыру режиміне өтеді. Параметрлері бірдей болса да, жарықдиодты шамдар газ шығаратын лампалармен салыстырғанда энергияны 2,5 есеге төмен шығындайды.

Сонымен қатар заманауи жарықдиодтар жоғары түсті түс жіберумен ерекшеленеді. Олардың ең төменгі коэффициенті — 70±10 Ra. Сол натрий шамдарында бұл көрсеткіш шамамен үштен бірге төмен, яғни LED өзінің жоғарғы өнімділігімен заттарды табиғи түрде көруге мүмкіндік береді, автокөлік жүргізушілері үшін өте маңызды.

Биыл Алматыда қалалық кеңістікті жаңарту жалғасады. Бүгінде қаланың тарихи орталығының үштен екісі қайта қалпына келтіріліп, 524 көше мен 1400-ге жуық аула қайта жөндеуден өтті. 300 шақырым арық пен 1000 шақырым инженерлік желілер ауыстырылды. Қаланың барлық жерасты өткелі жаңартылды.

Көлік реформасын жүзеге асыру аясында тек былтыр ғана қала маршруттарына 500 жаңа автобус енгізілді. Осы жылы қаладағы автобус паркі тағы да жаңартылады.