«Келінжан» телесериалы YouТube желісінде екі апта ішінде 1 миллион рет қаралды. Бұл туралы «Хабар» агенттігі басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Картинаның оқиға желісі бойынша Күлімхан апаның үш ұл, бір қызы бар. Асқар — үйдің кенжесі. Ол үйге келін алып келеді. Жас келін Асылым қалада өскен, бұған дейін үй шаруасымен айналысып көрмеген. Дегенмен ол ауыл өміріне үйреніп, енесіне ұнағысы келеді. Алайда енесінің мінезі ауыр, мұны ауылдағы әр адам біледі. Келіндері қатал ененің көңілінен шыға бермейді.

Сериалда Лейло Бекназар-Ханинга, Рүстем Жаныаманов, Назар Шархан, Дариға Бадықова, Нұргүл Мыңғатова, Дәулет Өсербай, Сара Амангелді сияқты актерлер ойнайды.

«Келінжан» сериалында үлкен келін Айсараның образын актриса Дариға Бадықова шынайы әрі әдемі ойынымен тамаша алып шықты. Желідегі комментарийлерге қарағанда сериалды көбі Айсара үшін көретін болып шықты.

1-сериядан

2-сериядан

5-сериядан

3-сериядан

9-сериядан

5-сериядан

4-сериядан

4-сериядан

11-сериядан

23-сериядан

Еске салайық, бұған дейін Baribar.kz-ке «Келінжан» телесериалында Айсараның ролінде ойнаған актриса Дариға Бадықова кинодағы образдарын қалай жасайтыны туралы айтып берген еді. Актрисаның айтуынша, Айсараның ролін көрерменге жеткізу үшін ол осы образбен ұйықтап, осы образбен оянған.

Дариға Бадықова
Дариға Бадықова. Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

13 жыл бойы үлкен отбасымен бір шаңырақта тұру оңай емес қой. Айсарадан кейін бір емес, екі келін түсті. Абысындары қаласа, кез келген уақытта кететінін ол жақсы біледі, сондықтан сол үйде қалып қоямын ба деп қорқады. Күйеуі қойдай жуас, ал енесі қатал. Қолында билік жоқ, ақшаны да ұстатпайды. Ол осыны ойлап ызаланады, сол үшін байбалам салады. Көрермен ретінде Айсараны қатты сыйлаймын, жақсы көремін. Осы образды алып шыққаным үшін өзіме емес, Айсараға көбірек алғыс айтамын, — деді актриса.

«Келінжан» телесериалы бүгін аяқталды.