Бруктың жаттықтырушысы Дэнни Ингл 5-раундта жекпе-жекті тоқтатты. Sky Sport телеарнасының хабарлауы бойынша, бұған боксшының көзінен алған қауіпті травма себеп болған, деп жазады vesti.kz
«Келл Брук көзін тексерту мақсатында ауруханаға жөнелтілді» деп жазады The Guardian журналисі Син Ингл өзінің твиттер парақшасында.
Сондай-ақ BBC журналисі Роб Стэйтон Бруктың госпиталға жіберілуі себебінен оның жекпе-жектен кейінгі дәстүрлі пресс-конференцияға қатыспайтындығын хабарлады.
Еске сала кетейік, бүгін О2 Аренасында өткен жекпе-жекте орта салмақтағы WBA (Super), IBO, IBF және WBC бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин екінші жартылай орта салмақтағы IBF белбеуінің иегері Келл Брукты техникалық нокаутпен жеңді. Бүгінгі жекпе-жек әлемнің ең мықты P4P-боксшысын анықтады.