Арман Тұрлыбек Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Астана әкімінің өкімімен Арман Тұрлыбек қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты хабарлады.

Әкімнің жаңа орынбасары энергетика, коммуналдық шаруашылық, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мәселелерге жауап береді, — делінген хабарламада.

Арман Тұрлыбек 1971 жылы Қарағанды облысында туған. Экономикалық және техникалық білімі бар: Алматы Энергетика және байланыс институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

1999 жылдан бастап Қарағанды облысы энергетика, байланыс және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры, Сәтбаев әкімі болып жұмыс істеді. 2008-2010 жылдары Қарағанды облысы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және тарифтік саясат мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2010-2014 жылдар аралығында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы болды.

2014-2016 жылдары Инвестициялар және даму министрлігіндегі жауапты қызметтерді атқарды. 2016 жылдан бастап Астананың Сарыарқа ауданының әкімі болды.