Басты бетЖаңалықтарБауыржан Байбек...

Бауыржан Байбек негізсіз шығындардан арылуды ұсынды

Қала әкімі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелерімен бірге бюджет шығынын тексеріп, оңтайландыру жүргізілетінін айтты. Бұл туралы Алматы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі хабарлады.

Оның айтуынша, Универсиада кезінде оңтайландыру арқылы операциялық шығындардың өзінен ғана 18 миллиард теңгені үнемдеген.

Былтыр қала көшелерін, саябақтары мен скверлерін қайта қалпына келтіргенде қаржының 40%-ын үнемдедік. Есентай өзенінің жағалауы жөнделді. Бұл жобаны алдымен халықпен бірге талқылап, толықтырып, содан кейін ғана жүзеге асыру қажет. Біз қазірдің өзінде 3,5 миллиард теңгені үнемдедік. Жалпы, бірқатар негізсіз шығыннан арылған жөн. Мысалы, жеңіл атлетика манежінің құрылысы. Оны тағы бір рет мұқият қарап шықсақ, едәуір үнемге қол жеткіземіз, — деді Алматы әкімі.

Үнемделген қаржы бұрынғыдай қала тұрғындарының өтініштері негізінде әлеуметтік мақсаттарға жұмсалады. Олар — жаңа жұмыс орындарын құру, әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға, оның ішінде көпбалалы аналарға және басқаларға көмек көрсету спектрін ұлғайту.

Алматы бюджеті әлеуметтік бағытқа негізделген, халықты әлеуметтік жағынан қамтуға бөлінетін қаржы жыл сайын өсіп жатыр. Бюджеттің 50%-ы немесе 200 миллиард теңгеден астам қаржы денсаулық сақтауға, білім беруге, әлеуметтік жағдайы төмен жандарды қолдауға, коммуналдық шығындарды субсидиялауға, түрлі жәрдем төлемдеріне және басқаларға жұмсалған.

Партияның қалалық филиалы «Нұр Отан» фракциясы мәслихатта түрлі әлеуметтік мәселелерді көтереді. Барлық ұсыныстар жергілікті атқарушы органдарда оң шешімін тауып, қалада ойдағыдай жүзеге асып жатыр. Мысалы, партия фракциясы ұсынысының арқасында 2016 жылдан бастап балабақша төлемі 27-ден 15 мыңға төмендеді. Осы мақсатқа бюджеттен жыл сайын 3 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, 60 мың отбасыны қамтиды, — деді Бауыржан Байбек.

Қалада соңғы төрт жыл ішінде мемлекеттік тапсырыс есебінен жеке бақшаларда орын саны үш есе артып, 4,7-15,5 мыңға өсті. Балабақшалардың орындарын субсидиялауға жыл сайын 18 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл цифр үш жыл ішінде екі есе өсті. Көпбалалы отбасылардың 11-сыныпқа дейінгі балалары тегін тамақтанады және мектеп формасы тегін беріледі. Мұндай қажеттіліктерге жыл сайын қала 800 миллион теңгеден астам қаржы бөледі. Тұрмысы төмен отбасы балаларының тегін демалысы үшін жыл сайын бюджеттен 230 миллион теңге қарастырылған.

Соңғы төрт жыл ішінде партия ұсынысы бойынша көпбалалы отбасылардың мүшелері, мектеп, колледж оқушылары ЖОО студенттері мен зейнеткерлер жолақының жеңілдетілген 50 пайызын ғана төлеп келеді. Оған жыл сайын бес миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалады. Жеңілдікпен 350 мыңнан аса адам қамтылған.

Партия бастамасы бойынша түрлі өтемақылар беріледі. Мысалы, 2-3 мың отбасының, оның ішінде көпбалалы аналардың коммуналдық шығындары өндірілді. Осы санаттағылардың үйлеріне есептегіш коммуналдық қондырғыларды орнату шығыны өтеліп жатыр. Қазір мыңнан аса отбасыға 50 миллион теңгеден астам қаржылай көмек көрсетілді.