АҚШ-тың Анахайм қаласында қазақстандық спортшы мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан «Төрт құрлық чемпионатында» жүлделі болды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша Элизабет Тұрсынбаева 207.46 ұпай жинады. Бұл — турнирдің күміс жүлдегері атануға лайық нәтиже.
«Төрт құрлық чемпионатында» әйелдер арасындағы сында жапониялық Рика Кихира 221.99 ұпаймен жеңімпаз атанды. Үшінші орында — 207.12 ұпай жинаған Жапонияның тағы бір спортшысы Маи Миахара.
АҚШ төрінде сәтті өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Бүгін мансабымда тұңғыш рет төрт айналымды сальховты орындауға тырыстым. Құлап қалсам да, соңына дейін айналдыра алғаныма қуаныштымын. Екі аптадан бері осы элементті еркін бағдарламада орындап, жаттыққан едім. Бір рет құлағаным болмаса, қалған секіру элементтерін ойдағыдай орындағаныма көңілім толды, — дейді Элизабет Тұрсынбаева.