Элизабет Тұрсынбаева Олимпиаданы 12-орынмен аяқтады

Бұл бәсекеде еліміздің атынан екі бірдей спортшы сынға түсті. Оның бірі Элизабет Тұрсынбаева болса, екіншісі Айза Мамбекова болатын.

Өкінішке орай, Айза Мамбекова қысқа бағдарламада ең төменгі ұпайға ие болып, жарыс бағдарламасынан шығып қалды.

Ал Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламаны 15-орынмен аяқтаған. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 177.12 ұпай еншілеп, Олимпиада ойындарын 12-ші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, қыздар арасындағы мәнерлеп сырғанаудан бас жүлдені ресейлік Алина Загитова 239.57 (82.92 + 156.65) жеңіп алса, екінші орынды тағы бір ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Евгения Медведева 238.26 (81.61 + 156.65) қанжығасына байлады. Ал үздік үшінші орынға канадалық Кэйтлин Осмонд 231.02 (78.87 + 152.15) алды.

ДереккөзInform.kz