«iTest: Үздік нәтиже». Оқушылар мен студенттерге грант ұтып алуға мүмкіндік

2019 жылдың 1 ақпаннан iTest.kz платформасында ҰБТ-ға дайындық ретінде "iTest: Үздік нəтиже" республикалық, әлеуметтік-білім беру байқауы басталды.

Жарысқа 9, 10, 11-сынып оқушылары мен 1-курс студенттері қатыса алады. Сайыс 2019 жылдың 1 ақпанынан 20 маусымына дейін жалғасады.

Байқау екі басты кезеңнен тұрады: онлайн кезең, оның нәтижесі бойынша рейтингідегі үздік 50 қатысушы марапатталады және офлайн кезең, онда оқу грантын жеңіп алу үшін ұтыс ойыны қарастырылған.

Itest.kz, байқау, үздік нәтиже
Порталдағы тесттің скриншоты

Байқаудың онлайн кезеңі Itest.kz платформасында, интернет желісі арқылы өтеді.

Офлайн кезең Алматыда өтеді. Байқаудың 50 жеңімпазы қатарына кірген және ресми ҰБТ-да шекті балл алған 11-сынып оқушылары бас жүлде – еліміздегі үздік университеттерде оқу грантын жеңіп алу мүмкіндігіне ие болады.

Грантқа ұтыс Алматыдағы университеттің ғимаратында емтихан түрінде өтеді. Алматыға келуге мүмкіндігі жоқ 11-сынып оқушылары онлайн кезеңнің шарттары бойынша кепіл сыйлық алады.

Байқау шарты туралы толық мәліметті мына сілтемеге өтіп біле аласыз. Айта кетейік, байқауға қатысу тегін.

Жастар жылымен қатар келген ауқымды бәйгенің мақсаты – «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында оқушылардың білім деңгейін жоғарылатып, ҰБТ-ны сәтті тапсыруға ынталандыру əрі дайындау.

Байқаудың Бас ұйымдастырушысы әрі демеушісі – Bilim Media Group компаниясы.

BMG компаниясы цифрлық білім беру ресурстарын жасаумен айналысады. Оның негізгі өнімі Bilimland.kz порталы. Онда Білім және ғылым министрлігі мақұлдаған 30 мыңға жуық интерактив сабақ (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде), ҰБТ-ға қосымша дайындалуға мүмкіндік беретін iTest.kz сайты, мыңнан аса оқытушы фильм ұсынатын Twig-bilim.kz және бастауыш мектепке арналған 170-тен астам анимациялық видеосабақты топтастырған iMektep.kz платформалары бар.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!