Басты бетЖаңалықтарҚауіпсіздік кеңесі...

Қауіпсіздік кеңесі отырысында Қызылорда облысын дамыту мәселесі талқыланды

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жиында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының іске асырылу барысы және алдағы кезеңге арналған міндеттер, сонымен бірге Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды. Басқосуда Ұлттық қауіпсіздік стратегиясына қатысты іс-шараларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдардың үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз етудің маңызы аталып өтіп, осы сала бойынша алдын алу шараларын уақтылы әзірлеу қажеттігі айтылды, — делінген хабарламада.

Отырыс қорытындысы бойынша Президент бірқатар нақты тапсырма берді.