«Ван Гог. Мәңгілік қақпасының алдында»

Шығарушы мемлекет: АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Ирландия, Швейцария

Режиссеры: Джулиан Шнабель

Ұзақтығы: 111 минут

Рольдерде: Уиллем Дефо, Руперт Френд, Оскар Айзек, Мадс Миккельсен, Матьё Амальрик, Эмманюэль Сенье, Нильс Ареструп, Анн Косиньи, Амира Касар, Венсан Перес

Жанры: драма, өмірбаян

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, әлемді өзгерткісі келген Винсент Ван Гогтың кескіндемеге жаны құмар. Ол Парижде тұрып, Поль Гогенмен дос болды. Абсентті жақсы көретін, ғашық болса, құлай сүйетін. Ол кездері Ван Гогтың суреттері аса сатылмады, ал қазір оның суреттері әлемнің ең қымбат туындыларымен бір қатарда тұр.

«Бенді қайтару»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Питер Хеджес

Ұзақтығы: 103 минут

Рольдерде: Джулия Робертс, Лукас Хеджес, Кортни Б. Вэнс, Кэтрин Ньютон, Рэйчел Бэй Джонс, Дэвид Залдивар, Александра Парк, Майкл Эспер, Тим Гини, Мира Лукреция Тейлор

Жанры: драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Сюжет бойынша Рождество қарсаңында Бен Барнс оңалту орталығынан қашып, үйіне келеді. Анасы оны жылы қабылдайды. Бірақ баласының бойында ештеңе өзгермегенін байқайды. Демек Бен әлі де анасының талай көз жасына себеп болады.

«Зауыт»

Шығарушы мемлекет: Ресей, Франция

Режиссеры: Юрий Быков

Ұзақтығы: 90 минут

Рольдерде: Денис Шведов, Дмитрий Куличков, Андрей Смоляков, Владислав Абашин, Александр Баширов, Иван Янковский, Алексей Комашко

Жанры: драма, триллер, қылмыстық

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Айлықсыз қалған зауыт жұмысшылары жергілікті олигархты кепілге алады. Қожайынын құтқару үшін оның жеке күзетшілері бәріне дайын. Бірақ шарасыз жұмысшылар да істі соңына жеткізуден тайынбайды.

«Тісіңді жу, кіш ет те, ұйықта!»

Шығарушы мемлекет: Франция

Режиссеры:  Эммануэль Жилибер

Ұзақтығы: 105 минут

Рольдерде: Арно Дюкре, Луиз Бургуан

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, Антуан — басы бойдақ, сауық-сайранды ұнататын жігіт. Ол Парижде досы Томаспен бірге тұрады. Бірде Томас Лос-Анджелеске кететін болып, орнына басқа адамды тауып береді. Жаңадан пайда болған Жанна жалғыз емес екен — оның сегіз жастағы ұлы Тео мен бес жасар қызы Лу бар. Әке болуды ойламаған Антуанды жаңа көршілер біраз шаршатады.

«Лего Фильм 2: Екінші бөлім»

Шығарушы мемлекет: АҚШ, Дания, Австрия, Норвегия

Режиссеры: Майк Митчелл

Ұзақтығы: 106 минут

Рольдерде: Крис Пратт, Элизабет Бэнкс, Чарли Дэй, Уилл Арнетт , Ник Офферман , Элисон Бри ,Стефани Беатриз , Тиффани Хэддиш

Жанры: комедия, фентези, отбасылық, боевик, шытырман оқиғалы, мультфильм, мюзикл

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, басты кейіпкерлерді LEGO DUPLO® басқыншыларымен кездесу күтіп тұр. Олар ғарыштан келген, жолындағының бәрін қырып-жойяды. ЛЕГО ғаламын қалпына келтіру үшін Эммет, Люси, Бэтмен және олардың сенімді достары алыстағы, үнемі музыка ойнап тұратын галактикаға аттанады.

«Тим Талер немесе сатылған күлкі»

Шығарушы мемлекет: Германия

Режиссеры: Андреас Дрезен

Ұзақтығы: 102 минут

Рольдерде: Юстус фон Донаньи, Аксель Праль

Жанры: комедия, драма, фэнтези, отбасылық, шытырман оқиғалы

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Тим Талер есімді баланың ең жақсы көретін қылығы — күлу. Бірде ол бейтаныс мырзадан қызық ұсыныс қабылдайды: Тим күлкісін оған сатуы тиіс, есесіне баланың барлық тілегі орындалады.

«Суық қуғын»

Шығарушы мемлекет: АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Норвегия

Режиссеры: Ханс Петтер Муланд

Ұзақтығы: 118 минут

Рольдерде: Лиам Нисон, Лора Дерн, Эмми Россам, Доменик Ломбардоззи, Джулия Джонс, Том Бейтман, Джон Доумен

Жанры: қорқынышты, триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, мистер Коксман — үлгілі отағасы және құрметті азамат. Оның ұлын есірткі саудагерлері өлтіріп кеткеннен кейін бірқалыпты өмірі аяқталады. Коксман әділдік жолында қылмыскерлерді шімірікпестен өлтіре бастайды.

«Клаустрофобтар»

Шығарушы мемлекет: АҚШ, ОАР

Режиссеры:  Адам Робител

Ұзақтығы: 99 минут

Рольдерде: Дебора Энн Уолл, Тайлер Лабин, Тейлор Расселл, Ник Додани, Логан Миллер, Джей Эллис,Адам Робител, Джессика Саттон, Йорик ван Вагенинген, Джеми-Ли Ман

Жанры: триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Құпия ұйымнан алты адам бір ойынға қатысуға шақырту алады. Жеңімпазды қомақты қаржылай сыйлық күтіп тұр. Көп кешікпей олардың таңдалуында бір сыр бар екені, ал жүлдеге олардың өмірі қойылғаны белгілі болады.