«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 6 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, қар жауады, республиканың оңтүстік-шығысының және шығысының кей жерлерінде толассыз қар жауады. Республиканың оңтүстік-батысында, қиыр солтүстік-шығысында және солтүстік-батысында күн жауын-шашынсыз болады. Тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады, ауа температурасы төмендейді.
Павлодар облысында 23-28 м/с, Шығыс Қазақстан облысында 30 м/с күшті жел соғады. Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Ақмола, Қарағанды облыстарында тұман түседі, бұрқасын соғып, жел күшейеді. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай облыстарында да тұман түседі, Ақтөбе облысында бұрқасын соғады.
Ақмола, Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде қатты аяз (33-45 градус) болады.
Астанада 32 градус, Алматыда 4 градус, Шымкентте 4 градус аяз болады.