Қарағандыда өрт кезінде үш бала зардап шекті

Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, үш бала ыстан уланып қалды. Өртенген үйден барлығы 13 адам құтқарылған.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 4 ақпан күні болған.

22.12-де өртке қарсы қызметке Қарағандының Октябрь ауданының 15-ықшамауданындағы тоғыз қабатты үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сегізінші қабаттағы пәтерден шыққан, өрттің ауданы — 10 шаршы метр. Өртсөндірушілер баспалдақ маршы бойынша құтқару қақпақтарымен 13 адамды құтқарды, оның жетеуі — бала, — деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Өрт 22.36-да ауыздықталып, 22.43-те сөндірілді. Ыстан уланған 2011, 2014 және 2018 жылғы үш бала  ауруханаға жеткізілді. Тілсіз жаудың себебі анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Астанада жеке үйлердің бірі өртеніп, бес қыз бала қаза тапқан еді.

ДереккөзZakon.kz