Қазақстандықтар наурыз айында 14 күн демалады

Мерекеге толы айда 17 жұмыс күні және 14 демалыс күні есептеліп отыр. Көктемнің алғашқы айында тұрғындар екі айтулы мерекені атап өтеді. Алғашқысы 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні биыл жұма күніне түсіп отыр. Сол себепті қазақстандықтар тағы 2 күн — сенбі мен жексенбіде демалады.

Ал келесі үлкен демалыс ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде 5 күн демалады. 23 наурыз сенбіге түскендіктен дүйсенбі — 25 наурыз күні де демалыс болып есептеледі.

Дереккөз24.kz