Басты бетЖаңалықтарЕлімізде баспана...

Елімізде баспана қымбаттады

Krisha.kz сайтының мәліметінше, қаңтарда 13 аймақта баға оң динамиканы көрсеткен. Оның ішінде кейбір көрсеткіштер соңғы екі-үш жылдың аралығында рекордқа жетті.

Шымкентте индекстің өсуі айтарлықтай байқалды, 1 шаршы метрдің бағасы 4,1%-ға өскен (212 мыңнан 220,8 мың теңгеге жеткен).

Пәтер бағасы
Фото: Krisha.kz

Аймақта оң динамика 2018 жылдың екінші жартысында тіркелген, бірақ қаңтар айындағыдай көрсеткіш бұрын-соңды болмаған. Шымкент — былтыр Алматы мен Астанадан кейін пәтер бағасы ең қымбат қалалардың қатарына кірді.

Алматыда баға индексі қаңтар айында соңғы екі жарым жылдағы көрсеткішті жаңартты: бір шаршы метр 373,5 теңге (+10 250 теңге), яғни желтоқсан айына қарағанда 2,8%-ға өскен. Алдыңғы көрсеткіштермен салыстырғанда бұл айтарлықтай қымбат.

Пәтер бағасы түскен жалғыз қала — Ақтау. Мұнда пәтердің құны 5,2%-ға арзандаған, бір шаршы метрі 196 мың теңге. Оған қоса Ақтау ең қымбат бес қала қатарынан шығып, алтыншы орынға түсті.

Пәтер бағасы
Фото: Krisha.kz
ДереккөзTengrinews.kz