Дәрі қобдишасы

Дәрігер тағайындаған екпе мен дәрі-дәрмектің қандай мақсатта қолданылатынын толық білген маңызды. Кейде оны сатып алып, ұмытып кететін жағдайлар да болады. Сондай кезде дәрі туралы ақпаратты «Дәрі қобдишасы» қосымшасы арқылы оқып, біле аласыз. Қажет болған жағдайда дәрінің тағайындалуын, оның құрамын және басқа да пайдасын тез таба аласыз.

Дәрі қобдишасы
Фото: Іtunes.apple.com

Дребеденьги

Дребеденьги – отбасының қаржысын басқарып, шығынын есептейтін мобильдік қосымша. Бухгалтерлік есеп жүргізу үшін табыс пен шығынды енгізіп отыру жеткілікті. Дребеденьги бұл процесті мүмкіндігінше жеңілдетеді әрі қаржылық жағдайыңыз туралы ақпарат беріп отырады. Табыс пен шығынды банктен келген хаттар арқылы да қадағалай алады.

Дребеденьги
Фото: Startpack

Baby Care

Baby Care – баланың күн тәртібін енгізіп, дамуын қадағалауға мүмкіндік беретін қосымша. Ол баланың тамақтануын, ұйқысын, дәретін және тағы басқа параметрлерді күн сайын бақылап отырады. Кейбір жайтты ескертіп, анаға дер кезінде көмектесе алады.

Baby Care
Иллюстрация: dribbble.com by Ullas Sebastian

Бике. Кеңес пен рецепт

Бике. Кеңес пен рецепт – отбасы мен үйіне ерекше көңіл бөлетін, әйелдерге пайдалы қосымша. Онда киім мен жиһаздағы кетпейтін дақтардан бастап, мейрам күндері дайындайтын тағамдарға дейін жазылған. Қосымшаны смартфоныңызға жүктеп алсаңыз, ол үнемі жаңарып отырады, ішіңіз пыспайды.

Фото: Сoandroid.ru

Flo

Flo – қыз-келіншектердің денсаулығын, етеккір уақытын қадағалайтын қосымша, күнтізбе десе де болады. Денсаулығыңызға қамқорлық танытып, салмақ, бой, көңіл-күйіңізді, ауру белгілерін және тағы басқа деректерді енгізіп, бәрін бір жерде сақтайсыз. Етеккір уақытын бір рет енгізсеңіз, қосымша сізге әр цикл сайын ескертіп отырады. Осыған ұқсас Clue, Eve, Period Tracker, Pink Pad сияқты мобильдік қосымшалар бар.

Flo
Иллюстрация: dribbble.com by Eugene Nevgen

Waterbalance

Көп жағдайда ағзамызға қажет мөлшерде су ішіп отыруды ұмытып кетеміз. Waterbalance ағзадағы су мөлшерін анықтап, салмағыңызға байланысты қанша су ішу керегін қадағалайды. Әуелі өзіңіз жайлы деректерді толтырасыз, содан кейін қосымша сіздің сұлбаңызды жасап, соған сай су нормасын бекітеді.

Waterbalance
Иллюстрация: Dribbble.com by Ivan Klymenko

Сұлулық сабақтары

Бұл қосымшада жеті бағыт: шаш, бет, ауыз қуысы, дене, қол, тырнақ, аяқ күтімі бойынша әртүрлі сабақ бар. Сұлулық сабақтары арқылы сырт келбетіңізге көңіл бөліп, әдемі болып жүруді әдетке айналдыра аласыз. Қосымшадан күтімге байланысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабын табуға болады.

Фото: Рlay.google.com

Any.do

«Any.do: тапсырмалар, күнтізбе, ескерту» қосымшасы арқылы орындау керек істің бәрін енгізіп қойып, аз уақытта бұрынғыдан көп жұмысты бітіруге болады. Күйбең тіршілікпен кей нәрсені ұмытып кетуіңіз мүмкін. Бұл қосымша бәрін есіңізге салып, уақытында қимылдауға мүмкіндік береді. Мұндай қосымшалар тек кәсіпкерлерге ғана емес, қыздарға да қажет.

Аny do
Фото: Root Nation

Lose weight in 30 days

Lose weight in 30 days – 30 күннің ішінде тез салмақ тастауды, денені қалыпта ұстауды қадағалайтын мобильдік қосымша. Бұл қосымша жүйелі жаттығулармен бірге арнайы диеталар ұсынады. Тапсырмалар күннен күнге көбеюіне байланысты әр үш күн сайын демалыс жариялап отыруды ұмытпау керек. Бұл жаттығуларды әрі қарай бұлжытпай орындауыңызға, күш жинауыңызға көмектеседі.

Lose weight in 30 days
Фото: AppGrooves

Live up

Дұрыс тамақтануды қолға алып, бірақ қандай тағамдардың бір-бірімен үйлесетінін білмей жүрсеңіз, онда бұл қосымша сіз үшін өте пайдалы болмақ. Live up арқылы әртүрлі диеталық тағамды жасап, дұрыс тамақтануды түбегейлі қолға алуға болады.

Фото: Іtunes.apple.com