Серік Сәпиев Мәжілісте немен айналысады?

Депутаттар Альберт Рауға Қаржы мен бюджет комитетінің құрамына ену үшін дауыс берсе, Серік Сәпиевке Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне кіру үшін дауыс берген.

Альберт Рау
Альберт Рау,  Парламент Мәжілісінің депутаты

Айта кетейік, 13 наурызда Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының босаған мандаты «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Альберт Павлович Рауды Парламент Мәжілісінің депутаты етіп тағайындаған болатын.

«Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Альберт Павлович Рау Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркелді. Депутаттар атынан жұмыста сәттілік тілеймін», — деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Сондай-ақ, 28 ақпанда ҚР Орталық сайлау комиссиясы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеген еді.

ДереккөзTengrinews.kz