Egov.kz порталының мобайл қосымшасына 12 жаңа қызмет қосылды

Қазір “Электрондық үкімет” порталының мобайл қосымшасы арқылы 62 мемлекеттік қызмет алуға мүмкіндік бар. 

электрондық үкімет
Фото: Egov.kz

mGov қосымшасы арқылы “Электрон үкімет” порталының 12 қызметін алуға болады.

“Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ хабарлауынша, енді мобайл қосымшаның көмегімен азаматтарға келесі қызметтер қолжетімді:

m.gov
Фото: Egov.kz

Бұл қызметтерді ЭЦҚ-мен (электрон-цифр қолтаңба) қол қою арқылы немесе бірреттік SMS-пароль арқылы алуға болады. SMS-парольді қолдану үшін Мобильдік азаматтар базасында тіркелу қажет.

“Электрон үкімет” мобайл қосымшасын пайдаланып жүрген азаматтарға жоғарыда көрсетілген қызметтерді алу үшін mGov жаңарту жеткілікті.

mGov қосымшасы iOS және Android платформаларында 1,38 миллион рет жүктелген, ал көрсетілген қызметтер саны 3,66 миллионнан асты.