Тест: Бұл қай саясаткердің қолтаңбасы?

Ойын ойнап көрейік! Әлемге белгілі саясаткерлерді қолтаңбасына қарап тани аласыз ба?

0%

Ол - Түркияның Әділет және даму партиясының көшбасшысы, саяси және қоғам қайраткері.

Дұрыс! Қате!

Режеп Тайып Ердоған - Түркия Президенті, Әділет және даму партиясының көшбасшысы. Ол президенттікке 2014 жылы 28 тамызда келді.

Ол билікке 1952 жылы әкесі VI Георг қайтыс болғаннан кейін келді.

Дұрыс! Қате!

ІІ Елизавета ханшайым таққа отырған кезде 25-те болған. Ол британдық монархтар арасында жасына және тақта ұзақ отыруына байланысты рекорд жаңартқан.

Бұл саясаткер 2000, 2004 және 2012 жылдары Президент болып сайланды.

Дұрыс! Қате!

Владимир Путин - 2000 жылы 26 наурызда сайланған Ресей Федерациясының тұңғыш президенті. Ол 2004 және 2012 жылдары Мемлекет басшысының лауазымына қайта сайланды.

Бұл қолтаңба кімге тиесілі?

Дұрыс! Қате!

Қолтаңбаны тану қиын болмаған шығар? Әрине, бұл - Қазақстанның тұңғыш Президентінің қолы.

Бұл саясаткер оңтүстігінде Малайзиямен шектесетін патшалықты басқарады.

Дұрыс! Қате!

Таиланд оңтүстігінде Малайзиямен, батысында Мьянма елімен шектеседі. Тай патшалығын король Маха Вачиралонгкорн басқарады.

Бұл Президент билікке 2017 жылы келді. Ол кезде саясаткердің жасы 71-де болды.

Дұрыс! Қате!

Бұл - АҚШ-тың 45-ші Президенті Дональд Трамптың қолы.

Ол - Ұлыбританияның ең алғашқы әйел премьер-министрі.

Дұрыс! Қате!

Маргарет Тэтчер - Ұлыбританияның 71-ші премьер-министрі. Ол кеңестік үкіметті қатты сынағаны әрі "тэтчеризм" саясатының бөлігі болып кеткен консервативтік шаралары үшін "Темір әйел" атанған.

Оның суреті 5 доллар банкнотында бар

Дұрыс! Қате!

5 доллар банкнотында АҚШ-тың 16-шы Президенті Авраам Линкольннің суреті бар. Ол қолтаңбасында тек аты-жөнін жазатын болған.

Ол - Нобель сыйлығын алған жазушы, журналист, полковник.

Дұрыс! Қате!

1953 жылы Уинстон Черчилльге биографиялық, тарихи шығармалары үшін Нобель сыйлығы берілді. Черчилль - Ұлыбританияның беделді мемлекет қайраткері.

Бұл саясаткер - әлем бойынша жалғыз император. Оның басқарушылық ұраны - "Хэйсэй".

Дұрыс! Қате!

Жапонияның 125-ші императоры Акихито - әлемдегі жалғыз император. Ол 1989 жылы әкесі Хирохито қайтыс болғаннан кейін таққа отырды.

Тест: Бұл қай саясаткердің қолтаңбасы?
Нәтижеңіз жаман емес! Дегенмен, жаңалық көп оқып тұрыңыз.

Өте жақсы! Біраз саясаткерді қолтаңбасынан тани алады екенсіз.

Тамаша! Саяси жаңалықтарға қызығатыныңыз көрініп тұр.

Әлеуметтік желіде бөлісу: