23 қаңтардағы ауа райына болжам

Республиканың кей жерлеріне тұман түседі, көктайғақ болып, бұрқасын соғады.

Қостанай облысында бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейеді.

Ақтөбе облысында бұрқасын соғып, көктайғақ болады.

Ақмола облысының кей аймағына тұман түсіп, бұрқасын соғады және желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейіп, түнде тұман түседі.

Жамбыл облысында көктайғақ болып, тұман басады.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады.

Алматы, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерін тұман басуы мүмкін.