Алматыдағы алып тиін сақталуы мүмкін

Алматыдағы атақты арт-нысан — алып тиін бұзылмауы мүмкін.

Қазіргі таңда арт-нысан авторы Алекс Ринслермен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бұл мүсінге рестайлинг жасалуы мүмкін, — делінген қалалық Мәдениет және архив басқармасының хабарламасында.

Алматыда «Атакент» маңында пайда болған алып тиін мүсінін орнатуға 23 миллион теңге жұмсалған. Мүсін авторы белгілі урбанист Алекс Ринслер жұмыстарын әдетте біраз уақыттан кейін өртеп жіберетін. Бұған дейін Алматыдағы тиіннің де көктемде алынып тасталатыны туралы хабарланған болатын.

Қала ортасында қымбат мүсіннің пайда болуы көпшіліктің наразылығын тудырған еді. Әкім Бауыржан Байбек арт-нысан туралы арнайы түсініктеме берген болатын.

ДереккөзІnform.kz