Үкімет отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев SIM-карталарын Жаңа жылға дейін тіркемеген абоненттердің ұялы телефоны не себепті өшірілмегенін түсіндірді.
Қазіргі уақытта авторизациядан өтпеген адамдармен тұрақты жұмыс жүргізіліп жатыр, байланыс операторларымен жеке жұмыс жүргізіліп жатыр. Біз қолайсыздық келтіргіміз келмейді, біз адамдар, қолданушылар телефондарын қолдана алғанын қалаймыз, — деді ол.
Ведомство басшысы кешкі мезгілде интернеттің неліктен жиі болмай қалатынын айтты.
Интернет жоқ па? Күн сайын осындай проблема бола ма? Күн сайын болатынына күмәнім бар? Ондай жағдай техникалық жүктеме айтарлықтай көбейген кезде болатын шығар. Анықтайық, — деді Дәурен Абаев.
Министр интернетке байланысты проблемалардың Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне қатысы жоқ екенін айтты.
Біз Қазақстан аумағында интернет қызметіне ешқандай техникалық кедергі келтіре алмаймыз, — деді АКМ басшысы.
Дәурен Абаевтың өзі кешкі мезгілде интернеттің жоқтығын байқамайтынын айтты.
Кешкісін интернетке қосыла бермеймін, бірақ интернетке кірген кезімде проблема болмайды. Сіздерге байланыс операторларына хабарласу керек, қолданушы ретінде құқылысыздар, — деді министр осы жөнінде сауал қойған журналистерге.