Қазақстан дұрыс тамақтанбайтын елдердің ондығына енді

Йенадағы Фридрих Шиллер университетінің ғалымдары дұрыс тамақтанбау салдарынан болатын өлім-жітімі көп елдердің рейтингін жария етті. Бұл туралы Daily Mail жазды.

Басылымның хабарлауынша, ғалымдар әлем елдерінде 1990-2016 жылдар аралығында зерттеу жүргізген. Зерттеудің нәтижесінде «ТМД елдерінің халқы денсаулыққа қауіп төндіретін тамақ жейді» деген қорытынды жасалып отыр.

«Қауіпті тағам» тұтынатын елдердің алғашқы ондығын ғалымдар былайша түзген:

  1. Өзбекстан (дұрыс тамақтанбау салдарынан 100 мың адамға шаққанда 394 адам қайтыс болған);
  2. Түрікменстан (дұрыс тамақтанбау салдарынан 376 кісі өлімі тіркелген);
  3. Қырғызстан (350 кісі өлімі);
  4. Украина (349 өлім);
  5. Молдова (328 өлім);
  6. Әзірбайжан (319 өлім);
  7. Беларусь (313 өлім);
  8. Тәжікстан (310 өлім);
  9. Қазақстан (306 өлім);
  10. Ресей (291 өлім).

Осы көрсеткіш бойынша халқы сапалы, пайдалы тамақ тұтынатын елдердің үздік ондығы да жасалған.

  1. Испания (43 өлім);
  2. Израиль (43 өлім);
  3. Франция (46);
  4. Нидерланды (52);
  5. Андорра (54);
  6. Дания (55);
  7. Бельгия (59);
  8. Швейцария (60);
  9. Норвегия (61);
  10. Италия (61).