«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 12-14 қаңтар күндері елімізде ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағына Қара теңіз аймағынан атмосфералық фронттар жылжиды және Сібір антициклоны соның әсерінен әлсірей бастап, республиканың басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды. Бірақ батыс және солтүстік-батыс аймақтарда температураның жоғарылауымен бірге қар жауып, кей жерлерде бұрқасын және қатты екпінді жел соғады.
Ал Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарында алдағы тәуліктерде оңтүстік циклонның әсерінен арагідік қар жауып, бұрқасын соғады, батыс бағыттан қатты жел соғады, оңтүстік және оңтүстік-шығыста тұман түсіп, көктайғақ болады, — делінген хабарламада.
Еске салайық, «Қазгидромет» мамандары 2019 жылғы қаңтар айы жылы әрі жауын-шашынды болады деп болжады. Үшінші онкүндіктің басында ғана ауа температурасы төмендейді.