Қаңтарда ауа райы қандай болады?

Алдын ала болжам бойынша қаңтарда ауаның орташа айлық температурасы республиканың оңтүстік-батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында нормадан 1 градусқа жоғары, ал қалған аймақтарда климаттық нормаға жақын болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, айлық жауын-шашын мөлшері нормаға жуық және нормадан жоғары болады, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде қар айлық нормадан аз жауады.

Бірінші онкүндіктің басында республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық аймақтары суық антициклонның ықпалында болады. Термометр бағаны түнде 25-30, кей жерлерде 35 градус аязға дейін, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 градус аязға дейін төмендейді.

Ал еліміздің батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлеріне жылы ауа массалары келеді және күн жауын-шашынды әрі жылы болады. Ауа температурасы түнде 2-7, кей жерлерде 12 градусқа дейін аяз болады, күндіз 0-5 градус жылы, кей жерлерде 5 градусқа дейін аяз болады.

Жалпы алғанда, қаңтар жылы әрі жауын-шашынды болады. Тек бірінші және үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы төмендейді.

Синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай консультативтік болжам бірталай өзгеріске ұшырауы мүмкін, — деп ескертеді «Қазгидромет» мамандары.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Жазушы Бейбіт Сарыбай: Балаларым мінезімді өзгертті

"Әке мен бала" айдарының қонағы - жазушы Бейбіт Сарыбай. Baribar тілшілері демалыста жазушының үйіне барып, отбасымен әңгімелесіп қайтты.

Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 445-450 теңгеден саудаланып жатыр.

Қазақстан мұнай өндіруді ерікті түрде қысқарту мерзімін ұзартады

Қазақстан мұнай өндіруді тәулігіне 78 мың баррель деңгейінде ерікті түрде қысқарту мерзімін 2024 жылдың соңына дейін ұзартады.

Алматыда полицей әріптесіне оқ атты: қызметкер қаза болды

Алматыда полиция қызметкері әріптесін абайсызда жарақаттады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишельмен кездесті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Aqyl Battle — жүктеуден PUBG-ды басып озған қазақша мобайл ойын

Aqyl battle – мобайл қолданба форматындағы интеллектуал ойын. Авторы Айболат Құлатай елімізде бұрын-соңды болмаған жетістікке жеткен IT жобасы туралы айтып берді.