Басты бетЖаңалықтарАлматыда жаңа...

Алматыда жаңа форма киген жүргізушісі бар автобустар жолаушы тасымалдай бастайды

Алматыда көлік реформасы аясында жылжымалы құрам жаңартылып, бағыттар желісі әлі де көбейіп жатыр. Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек №141 бағыт үшін жеке тасымалдаушы сатып алған жаңа автобустарды көрді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа автобустар Алматы Бауыржан Байбек
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Бағыт бойынша 12 метрлік төмен еденді автобустар жүреді, олардың барлығы кондиционерлермен, еңкейгіш жүйесімен жабдықталған және Евро-5 экологиялық стандартына сай.

Жаңа автобустар Алматы
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңа автобустар 30 желтоқсанда жолға шығып, «Айнабұлақ» ықшамауданы мен «Көпір» аялдамасының арасын қамтиды. Бағыттың барлық жүргізушісі бірыңғай жаңа форма киеді. Киімнің қысқы варианты шалбардан, ұзын жеңді жейдеден, свитшот немесе пуловерден және жылы күртеден тұрады.

Жаңа автобустар Алматы Бауыржан Байбек
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Биыл қала бойынша барлығы 479 жаңа автобус алынды, келер жылы тағы 600 автобус алу жоспарланған, олардың басым бөлігі бюджеттен тыс қаржы есебінен сатып алынады.

Еске сала кетейік, бұрын BRT желісі аялдамаларында пайда болған алғашқы электрондық таблолардан бағыт нөмірі және қоғамдық көліктің аялдамаға қай уақытта жететіні туралы ақпаратты оқуға болатыны хабарланған еді. Бұл жоба да бюджеттен тыс қаржы есебінен іске асты.