Астанада 400-ден астам сауда орны QR-кодтарға ие болды

Олардың арасында гүл павильоны, техникалық сервис, азық-түлік тауарлары, сусындар, балмұздақ, фаст-фуд, сувенирлер мен басқа да өнімдер сатылатын нысандар бар. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Сауда нысаны қойылған соң QR-код беру жұмысы да жүреді.

«1000 орын — көше саудасы» бағдарламасы Астанада 2016 жылы  шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында іске қосылған. Бағдарлама талаптарына сәйкес жеке кәсіпкерлерге өте тиімді шарттардың негізінде шағын жер жалға беріледі. Жер телімінің 1 шаршы метрі үшін жалға алушылар жылына 20 мың теңге төлейді. Келісімшарт 7 жылға жасалады.

«1000 орын — көше саудасы» бағдарламасына қатысу үшін конкурсқа қатысу қажет. Кәсіпкерлер өтінішін түсірген соң, жер телімін бәссаудада ұтып ала алады. Жер телімін жалға алғаны туралы келісімшарт жасасқаннан кейін кәсіпкер өзінің сауда нысанын орнатуы тиіс. Әрбір QR-кодта Astana ӘКК дерекқорына жалғанған сауда нысанының жеке парақшасына сілтеме кодталған. Барлық QR-код арнайы NFC-белгісімен қорғалады. Мобильді қосымша арқылы пайдаланушы жер телімін жалға алып отырған кәсіпкер туралы ақпаратты жалға алу келісімшартының тіркеме нөмірін, жер учаскесін пайдалану мақсатын, ауданын, жер учаскесінің инвентарь номерін, онлайн картада белгіленген нақты орнын көре алады.

QR-код – өзі белгіленген нысан туралы жедел ақпарат беретін арнайы код. Оны пайдалану өте оңай: Камера орнатылған ұялы телефоныңызды аласыз, кодты сканерлеу бағдарламасын қосасыз (Smart Astana қосымшасы), камера объективін кодқа жақындатқан соң, қажетті ақпаратты аласыз. Қандай да бір заң бұзушылықтар анықталған жағдайда Smart Astana мобильдік қосымшасы арқылы Astana ӘКК шағымдануға болады. Қазіргі таңда 409 сауда павильонына QR-код берілді. Осы цифрлы технологияны қолдана отырып, заңсыз сауда жасап жүргендерді анықтауға болады.

Сонымен қатар, кәсіпкер заңды немесе заңсыз қызмет көрсетілуі туралы ақпарат алып, қажет болған жағдайда өз өтініштері мен тілектерін жаза алады. Өтініштер кәсіпкердің жеке парақшасына және Astana ӘКК-на келіп түседі, деп түсіндірді Астана ӘКК-да.

Апатты саудамен күрес шарасын өкілетті мемлекеттік органдар – аудан әкімдіктері, қалалық бақылау басқармасы жүзеге асырады.

Ал мемлекеттік органға жатпайтын АҚ өз кезегінде құзыретінің аясында тиісті өкілетті органдарға заңсыз сауда орындары туралы мәліметтерді ұсынады, деп мәлімдеді Astana әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы АҚ-ның баспасөз қызметінде.