iKomek бейнебақылау
Фото: iKomek

Әкімдіктің мониторинг және жедел әрекет ету орталығы қалалық бейнебақылау жүйесі арқылы коммуналдық қызметтердің жұмысын онлайн түрде бақылайды. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«IKomek орталығына қала бойынша 6 мыңнан астам бақылау камералары жеткізілді. Камералар сауда орталық, мешіт, ірі аялдама, теміржол вокзалы сияқты қоғамдық орындарды қамтиды. Қаладағы бейнебақылау жүйесі арқылы iKomek орталығының операторлары тәулік бойы мектептер, аулалар мен үй кірмелерін бақылап отырады», – делінген орталық хабарламасында.

Қыс мезгілінде қалалық бейнебақылау жүйесі арқылы операторлар қардан уақытылы тазартылмаған орындарды анықтап, қалалық коммуналдық қызмет олқылықты дереу реттейді.

«Нөлдік толеранттылық» қағидатын басшылыққа ала отырып, iKomek орталығының операторлары рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс шығару,  көлікті тұраққа дұрыс қоймау, санкцияланбаған қоқыс орындарын анықтау, сондай-ақ көшелер мен аулаларды су басуын және өзге де бұзушылықтарды тіркейді. Камераларды пайдалану құқықбұзушылық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Астана әкімдігі барлық тұрғын үй-коммуналдық мәселелері, соның ішінде қар мен мұзды тазартуға қатысты өтінімдердің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығында тәулік бойы қабылданатындығын еске салады.

Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына келесі әдістер бойынша хабарласуға болады:

Telegram чат-боты https://t.me/astanaikomek109_bot;
Астана әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz.

Әлеуметтік желілерде жарияланымдарды #astana109 хэштегімен белгілеу арқылы: Facebook www.facebook.com/astana109/                           Instagram www.instagram.com/astana109/ Телеграмма арнасы https://t.me/astana109112.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!