«Туған жерім» халықаралық балалар байқауы мәресіне жетті

Биыл байқауға 300-ден астам жұмыс түсті. Халықаралық байқаудың өтуіне Астана әкімдігі қолдау білдірді. Бұл туралы қаланың баспасөз қызметі хабарлады.

Ұйымдастырушылар комитеті жыл сайын конкурстық жұмыстардың қай техникада орындалатынын таңдайды. Биылғы басты тақырып – құрақ құру техникасы.

Менің оқушыларым бірінші және екінші орынға ие болды. Әрине, Қазақстанда мұндай іс-шаралардың өткізіліп тұратыны қуанышты жағдай. «Құрақ» техникасы қазақ мәдениетінің бастауларында жатыр. Бұл – біздің тұрмыс-салтымыз. Ал Еуропада бұл техника дамып келеді.Барлық жұмыстарды көріп, мен оларға өзімнің жоғары бағамды беремін. Байқауға қатысушы балалар түстердің ұштасуын, маталардың үйлесімін сезеді, — деді құрақ құру шеберлері қауымдастығының мүшесі Наталья Маметниязова.

Байқауға көркемдік өнер мектебі мен өнер мектептерінің көркемөнер бөлімдерінде, Қазақстанның оқушылар сарайлары жанындағы сурет студиялары мен шығармашылық үйірмелерінде білім алатын 9 бен 18 жас аралығындағы балалар қатысты.

Ең кішкентай қатысушы Камила Закрияның жасы үште. № 92 «Жауқазын» балалар бақшасының тәрбиеленушінісің жұмысын арнайы сыйлыққа лайық деп таныды.

Байқауға қатысуға біздің тәрбиешіміз ұсыныс жасады. Ол үшін құрақ құру керектігін айтты. Біз шағын дорбаны тігеміз деп шештік. Камилаға өте ұнады, — дейді қатысушының анасы Алия Закрия.

Байқаудың бас жүлдесін Қымбат Тілемісова, Ева Штрошерер, Екатерина Кривилева еншіледі.

Карина Иляхунова, Ақжол Қарағұлов, Полина Холевич пен Сағыныш Қайролла бірінші орынды иеленді. Екінші дәрежелі дипломдармен Әсемай Түгелбаева, Малика Дулятова, Балжан Әкімжанова мен Зльфия Муф марапатталды. Үшінші орынға Алина Жағасқұлова, Тұмарханым Сұлтанбек, Аида Еркобай, Арайлым Кайрулла мен Анастасия Боровская лайық деп танылды.

Байқау финалистерінің 50 жұмысы көрмеге қойылды. 2005 жылдан аталмыш байқауға қатысушылардың жұмыстары тұрақты түрде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасындағы көрмелерге қойылады.