Үстел ойыны

Интеллектуал үстел ойындарына көпшілік қызығады. Мұндай ойындарды отбасымен де, әріптестермен де ойнауға болады.

Ұйықтауға арналған бетперде

Екінің бірі ұйықтағанда бетперде тақпайды. Бірақ мұндай бетперделердің пайдасы зор — оны таққан адам түнде тыныш ұйықтайды.

Бөтелке

Кеңседе жұмыс істейтіндер мен спортзалда шынығатындар үшін суға арналған бөтелке — ең керегі. Қазір олардың түрі өте көп. Соның ішінен жақыныңызға ұнайтын түрін таңдаңыз.

Ас үйге арналған таразы

Егер қыз балаға кәдімгі таразы берсеңіз, дұрыс түсінбей қалуы мүмкін. Сондықтан асүйге арналған таразыны сыйлауды ұсынамыз. Мұндай таразы — асүйдің бесаспап қыз-келіншектеріне таптырмас құрал.

Мойынорағыш

Мойынорағыштар о баста ерлерге арналған аксессуарболса да, бүгінде олар бәріне ортақ. Сәннен ешқашан қалмайтын, қысқа арналған мойынорағыштар кез келген адамды қуантары анық.

Көрпе

Көрпенің қалың түрінен бөлек пикникке арналған түрлері де бар. Сөмкеге салып жүруге ыңғайлы көрпе тауға шығу мен саяхаттауды жақсы көретін жандарға қажет.

Әшекейлерге арналған ілгіштер

Мұндай сыйлықты сақина-сырғаларды, білезік-алқаларды жақсы көретін нәзік жандарға сыйлаңыз. Тек сатып алмас бұрын ол жанның болмысына сай түрін дұрыстап таңдаңыз.

Әшекейге арналған ілгіш
Фото: Lifehacker.ru

Білек эспандері

Қалта эспандері кез келген жерде, кез келген уақытта қол бұлшықетін шынықтыруға өте ыңғайлы.

Бояуға арналған суреттер

Ересектер үшін шығарылған боялатын суреттер балаларға арналған кескіндерден ерекше болады. Оның әр нүктесіне ерекше мән беруге тура келеді. Боялатын суреттермен бірге қарындаш, акварель немесе басқа да бояуларды алуды ұмытпаңыз.

Антистресс ойыншық

Антистресс ойыншықты кез келген маман иесіне сыйлауға болады. Олардың жануар бейнесіндегі түрлері кең танымал.

Антистресс ойыншық
Фото: Lifehacker.ru

Монша жабдықтары

Жақыныңызға денеге арналған пайдалы майларды немесе түрлі сабынды сыйласаңыз болады. Бәрін комплект түрінде беруді жөн санасаңыз, мархабат.

Мультитул

Пышақтар мен көпфункциялы құралдардың жиынтығы — табиғат аясында демалатындарға, балық, аң аулаушыларға арналған ерекше сыйлық. Оны белсенді өмір салтын ұстанатын жастарға беруге кеңес береміз.

Мультитул
Фото: Lifehacker.ru

Сертификат

Жаңажылдық фотосессияның немесе торт пісіруді үйрететін курс сертификатын сыйлау мереке алдында жақсы тосын сый болады.

Конструктор

Конструктор кішкентайларға ғана емес, ересектерге де пайдалы. Ол ойлау жүйесі мен тапқырлықты арттырады.

Шұлық

Жай шұлықтар сыйлауға келмейді, бұл қадамыңызды кейбірі түсінбеуі мүмкін. Шұлықтардың ерекше суретті түрін таңдасаңыз, жағымды көңіл-күй сыйлай алады.

Қойын дәптер

Менеджерлер мен жоспар құруды жақсы көретіндер үшін сіз сыйлайтын блокнот артық болмайды. Қандай түрін сыйлауды білмесеңіз, классиканы таңдаңыз.

Аяққа арналған ілмек

Бұл сыйлық кеңседе бір орында тапжылмай отырып жұмыс істейтіндердің денсаулығына пайдалы болады.

Аяққа арналған ілмек
Lifehacker.ru

Массажға абонемент

Массаж сергек жүруге және энергияны қалпына келтіруге көмектеседі. Абонемент бірреттік болмаса, тіпті жақсы.

Үй гүлдері

Үй өсімдіктері — көпшілігіне, әсіресе, үй шаруасындағы қыз-келіншектерге ұнайды. Ең бастысы, жағымды көңіл-күй сыйлайтын гүлді таңдаңыз.

Массаж жасайтын тәпішке

Жай тәпішкеге қарағанда массаж тәпішкені сыйлық ретінде кез келген адамға беруге болады. Ол ауыр жұмыс күнінен кейін аяқтың шаршағанын басады.

Массаж жасайтын тәпішке
Фото: Lifehacker.ru

Кітап

Кітап сыйлауда басты қағида — адамның қандай жанрды оқитынын білу. Кітапты оқып болған соң мазмұнын сұрап, әңгіме құруға да болады.

Ішіне хат жасырылған печенье

Сыйлық жасайтын адамыңызды танымасаңыз, тәтті нан — дұрыс таңдау. Бұл жаңажылдық көңіл-күйді көтереді әрі оны өз қолыңызбен жасауыңызға болады.

Сөздер жасырылған печенье
Фото: Аrtskills.ru