Алматыдағы әрбір 10 мәселенің жетеуі 3 күн ішенде электронды жүйе арқылы шешілді. Бұл туралы мегаполис әкімі Бауыржан Байбек азаматтарды жеке қабылдау кезінде айтты.
Open Almaty қоғамдық қабылдау бөлмесі бүгінгі дейін 80 мыңнан аса өтініш қабылдады.
Бауыржан Байбектің айтуынша, басты ұстанатын қағида — ашықтық. Жыл сайын қоғамдық қабылдауда қаралатын 10 мыңға жуық өтініштің 70%-ы шешіледі.
Әкімнің қабылдауына келушілерге интернетке қосылған компьютер, заманауи техника, Open Almaty порталының қызметтері ұсынылды. Залда Egov терминалы орнатылып, қабылдау электронды кезек тәртібімен жүргізіледі.
«Нұр Отан» партиясының Алматыдағы филиалында өткен қоғамдық қабылдауда «Президенттің бес әлеуметтік бастамасында» көрсетілген міндеттер де айтылды. Сонымен қоса, тұрғандар тарифті есептеу, қоғамдық көлік пен базарларды жаңғырту мәселесін көтерді.
«Нұр Отан» партиясының орталық аппараты жыл сайын «Үздік қоғамдық қабылдау» республиалық байқауын өткізеді. Биыл Алматының қоғамдық қабылдауы үздік деп танылып, 1 орынды иеленді. Оған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында іске қосылған бірнеше қызмет дәлел бола алады.