Білім беру жүйесіндегі жемқорлықты жоюға бағытталған жоба кеңсесі ашылды

12 желтоқсан күні Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Саналы ұрпақ» жоба кеңсесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шараға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова, департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев, университет ректоры Болатбек Әбдірасылов, облыстық арнайы мониторингтік топ мүшелері, оқытушылар мен студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

Жоба кеңсенің негізгі мақсаты – білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру.

Агенттік төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою — елімізде орындауды талап ететін басты мақсаттың бірі екенін айтып өтті. Сонымен қатар агенттік осы тұрғыда барлық оқу орнымен бірлесіп жұмыстар жүргізіп жатқанын жеткізді. Соның бір айғағы ретінде «Саналы ұрпақ» жоба кеңесесі екенін де атап өтті.

Жиын соңында университет ректоры Болатбек Әбдірасылов Айгүл Шайымоваға оқу ордасына арнайы келіп, жоба кеңсесін ашқанына алғыс білдіріп, білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға үлестерін қосатынын айтты.