Басты бет Жаңалықтар «Тақтар ойыны» сериалының соңғы маусымының ресми тизері жарияланды

«Тақтар ойыны» сериалының соңғы маусымының ресми тизері жарияланды

Оқиғасы негізгі үш сюжет желісі бойынша өрбитін телехикаяның соңғы маусымы келер жылдың сәуірінде көрсетіледі.

Фото: Toogeek.ru

Интернетте «Тақтар ойыны» сериалының сегізінші маусымының ресми тизері пайда болды.

Фэнтези жанрындағы танымал телесериалдың соңғы маусымы 2019 жылдың сәуірінде көрсетіле бастайды.

«Тақтар ойыны» — Джордж Мартиннің «Мұз бен От әні» романдар цикліне негізделген америкалық телесериал. Сериал ортағасырлық Еуропаны еске түсіретін ойдан шығарылған әлемдегі оқиғаларға құрылған. Мұнда қатар дамитын бірнеше сюжет желісі бойынша көптеген кейіпкер бар. Негізгі сюжет желілері үшеу: біріншісі — ықпалды әулеттердің Жеті Патшалықтың Темір Тағына таласы немесе одан тәуелсіз болу үшін күресі; екіншісі — тақтан құлатылған билеуші династия өкілі — тақты қайтаруды жоспарлап жүрген ханшайымның басынан кешкендері; үшіншісі — мемлекетті солтүстіктен келетін қауіптен қорғайтын ежелгі бауырластықтың іс-әрекеті. Сериалдың алғашқы маусымы 2011 жылдың 17 сәуірінде АҚШ-та көрсетілді.

«Тақтар ойыны» сюжеті, детальдері мен кейіпкерлерінің адам ойламаған іс-әрекеті жөнінен көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген. Сериал авторлары «Эмми» сыйлығын 38 рет иеленген. Бұл фильм сонысымен тарихтағы ең танымал сериал атанып отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version