Басты бет Жаңалықтар «Тақтар ойыны» сериалының 7-кезеңі қашан шығады? (Видео)

«Тақтар ойыны» сериалының 7-кезеңі қашан шығады? (Видео)

«Тақтар ойын" телесериалы 7-кезеңінің премьерасы 2017 жылдың 16 шілдесінде жарыққа шығады.

7 наурызда желіге сериалдың түсірілім жұмыстары барысынан алынған қысқа клиптер тарай бастады. Ал 7-кезеңнің шілдеде жарыққа шығатыны туралы сүйінші жаңалықпен ең алғаш болып 1 наурызда Давос Сивортты сомдаушы ирландық актер Лиам Каннингем бөліскен еді. Бірақ бірінші сериасы дәл қай күні шығатынын айтпады.

«Жаман жаңалық, тек жеті эпизод шығады, қорытынды кезеңнің түсірілім жұмыстары қыркүйекте басталады», — деп қосты актер.

Айта кетейік, Тақтар ойыны (ағылш. Game of Thrones) — жазушы Джордж Мартиннің «Мұз бен от жыры» атты романдар желісі бойынша түсірілген фэнтези жанрындағы америкалық драмалық телесериал. Сериал Дэвид Бениофф және Д.Б. Уайсстың басшылығымен HBO телеарнасы үшін түсіріледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version