Басты бетЖаңалықтарАлматы "7-20-25"...

Алматы «7-20-25» бойынша берілтін пәтерлер санынан көш бастап тұр

Алматыда «7-20-25» бағдарламасының талаптарына сай келетін 5 мыңнан астам пәтер бар. Алматыда өтіп жатқан қаржыгерлер конгресіне келген сарапшылар пікірі осындай. Бағдарлама арқасында алдағы уақытта республика бойынша 30 мың пәтер салынып, 87 мыңнан аса несие беру жоспарланып отыр.

Егер Алматы жайлы айтатын болсақ, Астанаға қарағанда бұл қалада «7-20-25» бағдарламасына сәйкес келетін пәтерлер саны көп. Бас қалада 25 миллион теңгеге дейінгі пәтерлер 4993 болса, 696 пәтер бағдарламаның барлық талабына сай келеді. Ал Алматыда 1300-ден аса пәтер «7-20-25-тің» талаптарына сай салынды. Олар 75 тұрғын үй кешенінде салынған. Бағдарлама аясында 23 жаңа жоба іске қосылды, – деді Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының өкілі Әсел Жүнісова.

Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы іске қосылған 4 ай ішінде 35 миллиард теңгеге несие рәсімделіпті. Келіп түскен өтінімдердің 57 пайызы мақұлданған. Бағдарлама әсіресе Алматы, Астана, Шымкент және Маңғыстау облысының тұрғындары арасында сұранысқа ие. «7-20-25» бағдарламасы бойынша ең аз дегенде 1 триллион теңге, ал «Баспана Хит» бойынша 300 миллиард теңге көлемінде несие беру көзделіп отыр.

Айта кетейік, конгресс «7-20-25» бағдарламасы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру барысында қолға алынды. Мемлекет басшысы оны биыл көктемде жариялаған болатын.