Басты бетЖаңалықтарЕстай Беркімбайұлының...

Естай Беркімбайұлының 150 жылдығы тойланды

«Дін мен дәстүр» жобасы аясында әнші, ақын, сазгер Естай Беркімбайұлының 150 жылдығы атап өтілді.

Алматы қаласының дін істері жөніндегі басқармасының тапсырмасымен іске асқан жобаның кезекті кездесуі №17 мектеп-интернатта жалғасты. Естайдың елі, Павлодардан келген өнертанушы, күйші, естайтанушы Қайрат Айтбаев оқушыларға композитордың шығармашылығы мен өмірі туралы әңгімелеп берді.

Шараның бас ұйымдастырушысы, «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігінің директоры Арман Әубәкірдің айтуынша, кездесу әдеттегідей емес, концерт түрінде өтті.

Саят Нұрғазин, Саян Бодесов, Серік Пазылов және Ақтілек Ақиқат сияқты өнерпаздар мен оқушылар өлең оқып, ән айтып, күй шертті.

Айта кетейік, «Дін мен дәстүр» жобасының мақсаттарының бірі — дәстүрлі музыкалық концерт өткізіп, ұлттық мәдениетті танытып, қазақ халқының ерекшелігін, ұлттық құндылықтарын насихаттау.

“Адырна” бірлестігі осыған дейін 10-нан аса концерт өткізді. Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ әндерінің концерті қойылды, — дейді Арман Әубәкір.

Өз заманында ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері атанған Естай Беркімбайұлы 1946 жылы Павлодар облысы Екібастұз ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келді. Оның «Майда қоңыр», «Жүректе», «Мәлике», «Өмір», «Қоңыр жел», «Дүние», «Шоққара ағаш» және «Құсни-Қорлан» атты шығармалары бар.