Білім беру мекемелерінде ұлттық құндылықтар дәріптелді

Қазақ халқының дәстүрі, тарихы және мәдени құндылықтары туралы қоғамның әр түрлі топтарына ақпараттық-түсіндіру мен ағартушылық іс-шаралар өткізілетін «Дін мен дәстүр» жобасы жалғасып жатыр.

Алматы қаласының дін істері жөніндегі басқармасының тапсырмасымен жүзеге асқан жобаның мақсаты — қазақ халқының салт-дәстүрін, тарихын және мәдени құндылықтарын дәріптеп және деструктив ағымдардың идеясын жою.

Жоба аясында 15-19 қараша аралығында «Ұлттық ұлан» гвардиясында,  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Сапарғали Бегалин атындағы кітапханада, «Нұр-мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде студент жастармен және оқушылармен кездесулер өтті.

«Ұлттық Ұлан» гвардиясында «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай дәстүр мен дін сабақтастығы, елге, жерге деген потриоттық сезімін ояту, ата-баба еңбегі мен ұстанымдарына құрмет көрсету туралы дәріс оқып, курсанттардың сұрақтарына жауап берді.

Қали Сәрсенбай
Фото: «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігі

Мен бағана сіздердің әскери бөлімдеріңіздің алдынан Алаш қайраткерлерінің үлкен-үлкен портреттерін көріп, сіздердің Қазақстанға адал қызмет ететіндеріңізге анық көзім жетті, — деді Қали Сәрсенбай.

Ал, Тарих ғылымдарының докторы Бақытжан Сатершинов әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті заң факультетінің студенттеріне рухани жаңғырудың мәні, қазақтың төл-танымын халыққа модернизациялап, жеткізуді түсіндіру.

Бақытжан Сатершинов
Фото: «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігі

Сапарғали Бегалин атындағы кітапханада «Алаш» ғылыми зерттеу орталығының президенті Хайрулла Ғабжалелов дәріс оқыды.

Хайрулла Ғабжалелов
Фото: «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігі

Оқылған дәрістерің тақырыбы діни экстремизм мен терроризмнің қаупін болдырмауға, дәстүрлі құндылықтарды жастардың бойына сіңіруге және кеңінен дәріптеуге негізделді.