Басты бетЖаңалықтарҚарашаның соңы...

Қарашаның соңы мен қыстың алғашқы күні ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы бейсенбі, жұма және сенбі күндері ауа райы қандай болатыны туралы болжамды жария етті.

Мамандардың мәліметінше, алдағы үш тәулік бойы Қазақстанның басым бөлігінде cуық болады.

Бұл оңтүстік-батыс тропосфералық ағынының солтүстік-батысқа ауысуымен байланысты туындап, Баренц теңізі аймағынан арктикалық ауа массаларын алып келеді. Бірақ суықтың басып кіруінің алдында Қара теңіздегі циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар республиканың солтүстік жартысы арқылы жылжып, қардың жаууына, бұрқасынға, батыстан күшті желдің соғуына, оңтүстік өңірлерде тұман мен көктайғаққа себеп болады, — делінген хабарламада.