«Робин Гуд»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Отто Батхёрст

Ұзақтығы: 116 минут

Рольдерде: Тэрон Эджертон, Ив Хьюсон, Джейми Дорнан, Бен Мендельсон, Пол Андерсон, Джейми Фокс, Тим Минчин, Джошуа Хердман, Чарли Винсент, Бьёрн Бенгтссон

Жанры: шытырман оқиғалы

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, фильмде Крест жорығынан оралған Робин Гуд және оның сенімді серігі Англияның жемқорлыққа батқан шенділерімен күреседі.

«Суспирия»

Шығарушы мемлекет: Италия, АҚШ

Режиссеры: Лука Гуаданьино

Ұзақтығы: 129 минут

Рольдерде: Дакота Джонсон, Тильда Суинтон, Миа Гот, Лутц Эберсдорф, Ангела Винклер, Ингрид Кавен, Елена Фокина, Сильви Тестю, Рене Саутендейк, Кристин Лебутт

Жанры: фэнтези, үрейлі, детектив

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, америкалық бойжеткен Берлинге келіп, атақты би тобының құрамында өнер көрсетпекші. Бірақ ол студия ішінен әлдебір зұлым құбылысты байқайды. Егер бұл қарғыстың мәнін ашпаса, ол өзі кезекті құрбанға айналмақ.

«Ағайынды Систерс»

Шығарушы мемлекет: АҚШ, Франция, Бельгия, Испания, Румыния

Режиссеры: Жак Одиар

Ұзақтығы: 121 минут

Рольдерде: Джон Си Райли, Хоакин Феникс, Джейк Джилленхол, Риз Ахмед, Ребекка Рут, Эллисон Толман, Рутгер Хауэр, Кэрол Кейн, Патрис Коссоно

Жанры: драма, комедия, қызық оқиғалы, вестерн

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, Систерс деген басбұзар ағайынды екеу құпия Командордың тапсыруымен әлдебір алтын іздеуші Уормды өлтіруі керек. Бірақ өмірде жолы болғыш бауырлар аса айлакер адамның соңына түскенін білмейді.

«Тілек тіле»

Шығарушы мемлекет: Қазақстан

Режиссеры: Айбек Жансейітов

Ұзақтығы: 96 минут

Рольдерде: Индира Еділбаева, Бауыржан Сатов, Асылбек Мұсабеков, Кентал

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, Мәриям есімді қыз жұмысынан, достарынан және сүйгенімен бірге болуға деген үмітінен айырылады. Бірақ оған көмекке сиқырлы қаламы бар періште көмекке келеді.

«Жолсерік»

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Илья Максимов

Ұзақтығы: 90 минут

Рольдерде: Александра Бортич, Евгений Цыганов, Александр Робак, Вячеслав Разбегаев, Владимир Яглыч, Константин Мурзенко, Юрий Скулябин, Марта Тимофеева, Екатерина Рокотова, Василий Бочкарев

Жанры: триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Басты кейіпкер — егіздің сыңары Катя тылсым күшке ие. Ол елестерді көре алады. Бірде Катяның сыңары жоғалғанда ол бауырын жалғыз іздеуге кіріседі. Себебі полиция қызметкерлері оның сыңары барына сенбейді. Бірақ кейіпкер сыңарын іздеу кезінде қалада кісі өлтіруші барын анықтап, бауырының сол адамның құрбаны болғанын түсінеді. Катяда оны қалайда құтқарамын деген үміт бар.

«Колетт»

Шығарушы мемлекет: Ұлыбитания, АҚШ, Венгрия

Режиссеры: Уош Уэстмоленд

Ұзақтығы: 111 минут

Рольдерде: Кира Найтли, Элинор Томлинсон, Доминик Уэст, Фиона Шоу, Роберт Пью, Денис Гоф, Аийша Харт, Рэй Пантаки, Шеннон Тарбет, Ребекка Рут

Жанры: драма, өмірбаян, тарихи

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Фильм Сидони-Габриэль Колетт пен Анри Готье-Виллара деген жазушылардың некесі жайында. Екеуі үйленген соң Уилли әйелі Колетті кезекті шығарманы өзінің атынан жазуын өтінді. Сөйтіп Колеттің ұшқыр ойлы қыз туралы кітаптары бестселлерге айналып, Парижде күйеуі екеуі танымал болады. Бірақ Уилли оны тағы бір роман жазуға көндірмек болғанда Колетт шығармашылық бостандық пен гендерлік құқығы үшін күрес бастайды. Осылайша ол әдебиетті, мода мен сексуалдық болмысын насихаттай отырып, қоғамдық сананы өзгертуге әрекеттенеді.

«Бәрі бар немесе ештеңе жоқ»

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Дмитрий Суворов

Ұзақтығы: 85 минут

Рольдерде: Роман Курцын, Артур Смольянинов, Данила Якушев, Кирилл Каганович, Юрий Стоянов, Андрей Стоянов, Сергей Бурунов, Владимир Епифанцев, Роман Мадянов, Екатерина Соломатина

Жанры: комедия, шытырман оқиғалы

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Сюжет бойынша үш менеджер бірігіп, жемқор бастығын орнынан кетіру үшін қылмыстық топ құрады. Бұл топ экстремал жоспар құрып, басшысының 50 миллионын ұрлауды ойластырады.

«Баттерфляймания»

Шығарушы мемлекет: Франция

Режиссеры: Ирина Фонтен

Ұзақтығы: 66 минут

Жанры: деректі, отбасылық, шытырман оқиғалы

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Өзің көрмеген, білмейтін нәрсені қалай жақсы көруге болады? Бұл сұраққа жауап табу үшін біз әлем картасында жоқ жерге саяхатқа шығамыз. Бұл маршрут балалық шағына оралғысы келетін ересектерге және есеюді армандайтын кішкентай бүлдершіндерге арналған. Бұл — Жердің ең қарапайым әрі елеусіз тұрғындары  — жәндіктер әлеміне саяхат.