Австралия, Катар, Грекия, Иран мен басқа да елдерде сапасы мен жылдамдығы жағынан мобильдік интернет Wi-Fi желісінен артық болып шықты. OpenSignal компаниясы мамандарының ауқымды зерттеуі осыған көз жеткізді. Бұл туралы Gmbox ресурсы жария етті.

Ұлыбританияның сымсыз байланыс жұмысына талдау жүргізетін OpenSignal компаниясы әлемнің 80 еліндегі Android пен iOS базасына арналған мобильдік қосымшалардың көмегімен мәліметтерді жүктеу жылдамдығын зерттеген. Зерттеу мәліметтері үш ай бойы 7,8 миллион бірегей құрылғының көмегімен жиналды.

Мамандар 4G мен Wi-Fi-ды салыстырған кезде 50 елде ұялы байланыс интернетінің жылдам екені анықталған. Ең жылдам мобильдік интернет Австралияда тіркелді – секундына 13 мегабит. Ал Ресейде мобильдік интернет Wi-Fi-ға қарағанда екі есе баяу болып шықты: телефон интернетінің жылдамдығы секундына 107 мегабит болса, Wi-Fi интернетінің жылдамдығы – секундына 22,9 мегабит.

OpenSignal мамандары интернетпен мәлімет алмасу өлшемдерінің әр елдегі басқа да факторлармен байланысы барын анықтады. Мысалы, халықтың жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім деңгейі анағұрлым жоғары елдерде адамдардың ұялы байланыс интернетінің орнына Wi-Fi-ды көбірек қолданатыны белгілі болды.

Зерттеудің нәтижесі “Wi-Fi басқа интернет көздерінен артық” деген тұжырымның жаңсақ екеніне көз жеткізді. Әлемнің көп елінде ұялы байланысты қолдану тиімдірек болып шықты. Зерттеушілердің пікірінше, 5G интернетінің таралуы дүниежүзінде Wi-Fi-ға қарағанда жылдам ұялы байланыс интернетін қолданатын елдердің қатарын арттырып, байланыстың осы типтерінің арасындағы жылдамдық бойынша алшақтықты жояды.

Статистика
Фото: Gmbox.ru
Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!