Басты бетЖаңалықтарӨңірлердің цифрлық...

Өңірлердің цифрлық хабар таратуға көшу кестесі нақтыланды

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылдың 27 қыркүйегіндегі бұйрығымен 2018 жылдың 13 маусымындағы «Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімін анықтау туралы» бұйрығына өзгеріс енді.

Жаңа құжат бойынша цифрлық телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімі былайша нақтыланды:

бірінші кезең — 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін: Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстары және Шымкент;

екінші кезең — 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін: Алматы, Павлодар және Қостанай облыстары;

үшінші кезең — 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін: Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Қызылорда облыстары;

төртінші кезең — 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін: Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстары және Астана мен Алматы.

Бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен соң күшіне енеді.

Еске салайық, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өңірлер қашан цифрлық хабар таратуға көшетінін қыркүйек айында Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында айтқан еді.

ДереккөзZakon.kz