«Жесірлер»

Шығарушы мемлекет: Ұлыбитания, АҚШ

Режиссеры: Стив МакКуин

Ұзақтығы: 129 минут

Рольдерде: Кэрри Кун, Элизабет Дебики, Дэниэл Калуя, Лиам Нисон, Джон Бернтал, Колин Фаррелл, Мишель Родригес, Гаррет Диллахант, Роберт Дювалл, Виола Дэвис

Жанры: драма, атыс-шабыс

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, фильмде қарақшылық шабуыл кезінде қайтыс болған қылмыскерлердің әйелдері туралы оқиға баяндалады. Жесірлер өздері бас қосып, аяқталмаған істі соңына жеткізуді және күйеулерін кім алдап кеткенін де анықтауды мақсат етеді.

«Әлемнің ерке енжарлығы»

Шығарушы мемлекет: Қазақстан, Франция

Режиссеры: Әділхан Ержанов

Ұзақтығы: 100 минут

Рольдерде: Динара Бақтыбаева, Қуандық Дүйсембаев, Сұлтан Абзалов, Төлеміс Әлішев, Константин Козлов, Еркін Ғұбашев

Жанры: драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Ауылдан қалаға келіп, жаңа да қатыгез әлемге тап болған ғашық жандардың хикаясы. Мегаполистің ережелеріне қарсылық таныта жүріп, екі жас нағыз сезімдердің пәктігін сақтауға тырысады. Kinostan.kz сюжет желісін осылай баяндайды.

«Гудбай, мой бай»

Шығарушы мемлекет: Қазақстан

Режиссеры: Әнуар Матжанов

Ұзақтығы: 85 минут

Рольдерде: Сәбит Рахымбаев, Нұргүл Алпысбаева, Әзімжан Саидбаев, Наталья Валькова, Дәуіт Шайхисламов, Сабина Саяқова, Нұрдәулет Шертім, Дариға Бадықова, Ілияс Сатай

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, Ермек анасымен және әйелімен бір үйде тұрады. Әйелі бөлек шығу туралы үнемі айтады. Бірақ Ермек анасын жалғыз тастап кеткісі келмейді. Осының салдарынан ерлі-зайыпты ұрысып, ажыраспақ болады. Бұл жерде Ермектің достары араласып, көмекке келеді.

«Апгрейд»

Шығарушы мемлекет: Австралия

Режиссеры: Ли Уоннелл

Ұзақтығы: 100 минут

Рольдерде: Логан Маршалл-Грин, Мелани Валльехо, Стив Даниелсен, Эбби Краден, Харрисон Гилбертсон, Бенедикт Харди, Ричард Коуторн, Кристофер Кирби, Ричард Анастасиос, Кенни Лоу

Жанры: драма, атыс-шабыс, триллер, детектив, фэнтези

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, фильм сюжеті мынадай: болашақта технологиялар адам өмірінің барлық процесін бақылайды. Грей есімді кейіпкерге әлдебіреулер шабуыл жасайды. Соның салдарынан әйелі қайтыс болып, өзі мүгедекке айналады. Кек қайтаруға жалғыз үміті жаңа ғылыми технологияға артылады. Эксперименталдық имплант Грейді орнынан тұрғызып қана қоймай, ерекше күш-қуат та береді.

«Кісі өлтіруші ұлт»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Сэм Левинсон

Ұзақтығы: 110 минут

Рольдерде: Одесса Янг, Хари Неф, Сьюки Уотерхаус, Абра, Колман Доминго, Билл Скарсгард, Джоэл МакХэйл, Аника Нони Роуз, Белла Торн, Мод Апатоу

Жанры: драма, атыс-шабыс, үрейлі, детектив, комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Лиза мен оның құрбылары селфи, эмоджи, снэпчатқа толы уайымсыз өмір сүреді. Бірақ бір күні хакерлік шабуылдың нәтижесінде әшкере ақпарат пен құпия деректер ашық каналдарға жіберіледі. Сол кезде Салем қаласында қанды анархия мен хаос орнайды. Мұнда енді тірі қалу үшін күресу керек.

«Қысқа толқындар»

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Михаил Довженко

Ұзақтығы: 80 минут

Рольдерде: Алекс Дубас, Евгений Гришковец, Игорь Ясулович, Яков Довженко, Екатерина Волкова, Влад Маленко, Алиса Хазанова, Екатерина Волкова, Елена Плаксина, Екатерина Семенова

Жанры: драма, комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Сюжеттегі таңғажайып та қызықты оқиғалардың бір ғана ортақ нәрсесі бар — олардың бәрі радиода болған.

«Кешкі мектеп»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры:  Малкольм Д.Ли

Ұзақтығы: 111 минут

Рольдерде: Тиффани Хэддиш, Кевин Харт, Таран Киллэм, Романи Малко, Мэгалин Эчиканвоке, Энн Уинтерс, Кит Дэвид, Мэри Линн Райскаб, Бен Шварц, Брук Батлер

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, фильмде Теддиді сүйген қызы тастап кеткен. Ол тауық костюмін киіп, нәпақасын табады. Бір кезде оған өмірді қайта бастауға жаңа мүмкіндік ашылады. Ол үшін Теддиге мектепке оралып, аттестат алу керек.

«Уақытпен өлшеуге есі кеткен»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры:  Эндрю Боулер

Ұзақтығы: 104 минут

Рольдерде: Софи Тернер, Эйса Баттерфилд, Скайлер Гизондо, Уилл Пельтц, Мэри Элизабет Бойлэн, Мэрилин Миллер.

Жанры: драма, атыс-шабыс

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Стилман — физикадан жетік білімі бар студент. Бірде сүйген қызы Дебби оны тастап кетеді. Бірақ Стилман уақыт машинасын құрастырып, өткен шаққа оралуға мүмкіндік алады. Енді ол қызымен қарым-қатынас кезінде жіберген қателіктерін түзетуге тырысады.

«Ральф интернетке қарсы»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Фил Джонстон, Рич Мур

Ұзақтығы: 112 минут

Рольдерде: Галь Гадот, Кристен Белл, Келли Макдоналд, Мэнди Мур, Алан Тьюдик, Минг-На, Джон Си Райли, Тараджи П. Хенсон, Аулии Кравальо, Сара Силверман

Жанры: отбасылық, фэнтези, отбасылық, мультфильм

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, осы жолы Ральф пен оның дос қызы Ванилопа фон Кекс ойын автоматтарынан тысқары кетіп, интернеттің шексіз кеңістігін бағындыруға шығады.

«Күлтегін»

Шығарушы мемлекет: Қазақстан

Режиссеры: Адай Әбілдинов

Ұзақтығы: 60 минут

Рольдерде:  Мерей Әжібеков, Нүкетай Мышбаева, Динара Әбікеева, Азамат Қанапия

Жанры: мультфильм

Ұлы түрік мемлекетіне ыдырау қауіпі төнеді. Түркі бірлігін сақтап қалған Ұлы Елтеріс қаған жаңа мемлекетті құруды көздеген сатқындардың қолынан мерт болады. Тақ мұрагері — Елтерістің ұлы 12 жасар Күлтегін қашып құтылады. Өзінің туған жеріне оралу үшін ол көптеген қиындықты басынан өткереді. Бұл жолда оған түркілердің жебеушісі Көк Бөрі мен туған бауыры Білге көмекке келеді.