Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Самат Смақов «Ақтөбе» футбол клубын сатып алды

Самат Смақов. Фото: Аktobenews.kz

20 қараша күні Ақтөбеде «Ақтөбе» футбол клубын кейінгі сатып алумен бірге 7 жылға сенімді басқаруға беру құқығына қатысты сауда жасалды.

Клуб жанкүйерлері порталының хабарлауынша, саудада белгілі футболшы, «Ақтөбе» клубының қазіргі бас директоры Самат Смақов жеңіске жетті.

Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімдігінен қандай да бір ресми ақпарат тараған жоқ.

Самат Смақов 2018 жылдың қаңтар айында «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры болып тағайындалған еді. Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны қыркүйек айында футболшы ретіндегі соңғы матчын өткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version