Астанада 100 көше асфальтталды

Жыл басынан бері Астананың Сарыарқа ауданы аумағындағы «Көктал-1», «Көктал-2», «Агроқалашық» тұрғын алаптарында асфальт төселген.

Астана әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл бұрын асфальт төселмеген 65 жолға Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жөндеу жүргізді. 2017 жылы ауданда жеке сектордың 35 көшесіне асфальт төселген. Биыл «Көктал-1» алабында 12 көше (4,78 шақырым), «Көктал-2» алабында 41 көше (18,9 шақырым), «Агроқалашық» алабында 12 көше (5,21 шақырым) асфальтталған.

Осылайша соңғы екі жылда ауданымыздың тұрғын алаптарында 100 көше асфальтталды, — деп мәлімдеді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.