Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады, сонымен қатар күн тәртібіндегі өңірлік мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев келесі жылы Ташкентте Орталық Азия елдері басшыларының кезекті жұмыс (консультативтік) кездесуін өткізу жөніндегі уағдаластықты нақтылады.
Тараптар осы іс-шараға дайындық мәселелерін аймақ елдері сыртқы саяси ведомстволарының деңгейінде келісудің маңызын атап өтті. Телефон арқылы сөйлесуге өзбек жағы бастамашы болды.